Источник: nur.kz

Бүгін өзіңізді жинақы ұстаңыз. Күні бойы әртүрлі қиындықтар туындайды, бірақ сабырлы болып, ашуға бой алдырмаңыз. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 28-ші қаңтарға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

1. Тоқты

Бүгін белсенділік танытпай, тыныш жүрген абзал. Көп іс жоспарламаған дұрыс. Одан да мүмкіндіктеріңізге қарай асықпай, бірақ сапалы жұмыс істеген дұрыс. Басқа адамдардың іс-әрекеттерін болжап білу мүмкін емес, сондықтан тек өзіңіздің шаруаларыңызға көңіл бөліңіз.

2. Торпақ

Бүгінгі күннің энергиясы сізді дүкенге қарай шақырады, бірақ жұлдыздар асықпауға кеңес береді. Шығын үшін қолайсыз күн, сондықтан сауда жасауды кейінге қалдырыңыз. Күш жұмсауды қажет ететін істерге ден қойған жөн.

3. Егіздер

Бүгінгі күн белсенділікті талап етсе де, ондай қауқарыңыз болмайды. Бұған аптаның жаңа басталғаны немесе күннің суытуы себеп болуы мүмкін.

4. Шаян

Айналаңызда энергия тасып жатса да, көптеген іс сіздің тікелей қатысуынсыз шешілуі мүмкін. Бірақ бір нәрсеге көп көңіл бөлсеңіз, ол іс керісінше сәтсіз аяқталуы мүмкін. Сондықтан осы бір жайтты естен шығармаңыз.

5. Арыстан

Бүгін өмірлік ұстанымдарыңызды естен шығармай, арандатушылыққа бой алдырмаңыз. Өзіңізді ренжітуге жол бермеңіз. Маңызды іс бастаудың қажеті жоқ, бастаған істерді аяқтаған дұрыс.

6. Бикеш

Қиындықтар мен кедергілерге қарамаай мақсаттарыңызға қарай жүресіз. Қуатыңызды сезімдерге сарп еткіңіз келмейді. Бірақ шыдамыңызды тауысқандар болса, олардың жақсылап сазайын беретініңіз күмәнсіз.

7. Таразы

Бүгін жан қалауы мен еркеліктің ара жігін ажыратып алған жөн. Себебі тамақтануда, ақша жұмсауда және көңіл көтеруде шектен шығуыңыз әбден мүмкін.

8. Сарышаян

Бірден бар күшіңізді тауысып, ауқымды жоспарлар құрмаған жөн. Уақыты келгенде күшіңізді біртіндеп жұмсаған дұрыс. Бұл күн жаңа нәрсе ойлап табуға өте қолайлы. Ең бастысы ол ойларыңызды басқаларға айтпаңыз.

9. Мерген

Бүгін күш-қуатыңыз асып артылады. Сондықтан бірнеше істі бірден бастап, оны аяғына дейін жеткізбейсіз. Онымен қалмай басқаларды да қузайсыз. Бірақ мұндай әрекет көп шу тудырып, еш нәтиже әкелмейді. Он істі аяқсыз қалдырғаннан гөрі, бір істі сапалы істеген артық.

10. Тауешкі

Қандай іспен айналыссаңыз да, сізді сәттілік күтіп тұр. Бүгінгі күн жеке өмірді ретке келтіруге арналмаса да, махаббат мәселесіне бар назарыңызды аударсаңыз, бұл да сәтті шешілуі мүмкін.

11. Суқұйғыш

Бүгінгі күннің теріс энергиясын ауыздықтау оңайға соқпайды. Көңіліңізден шықпайтын істерді басқа күнге қалдырған дұрыс. Бүгін түйсігіңізге сенім артып, өзіңізді бақылауға ұстаңыз.

12. Балықтар

Бұл дүйсенбіде өміріңіздің астан-кестені шығуы мүмкін. Өзіңіздің салғырттығыңыз, "жоқ" деп айта алмауыңыз бұған себеп болады. Қиындықтарды жеңу үшін еңбекқорлық танытып, өзіңізге сенімді болуыңыз керек.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.