Источник: nur.kz

Ақтау қаласындағы жекеменшік емханаға мазасыздық пен ұйқысыздық шағымдарымен келген екі жасар баланың мұрнынан батарейка табылған. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Баланың ата-анасының айтуынша, сәбилері екі күн бойы ұйықтамаған.

Бүлдіршінді тексерген оториноларинголог ұл баланың мұрнынан батарейка барын анықтапты.

Емхана өкілдері бөгде зат алынғанын, қазір баланың жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.

Ақ халаттылар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырып отыр.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.