Источник: nur.kz

Алматыдағы Алғабас-6 ықшам ауданында ауған соғысының ардагері істен шыққан лифтінің құрбаны болды. 59 жастағы азамат бесінші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен. Ер адам алты сағат бойы сол жерде жатқан. Үй тұрғындары бұл оқиғада лифтке жауапты мекеменің салғырттығына шүйлікті деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайғылы оқиға 13-ші ақпанда түнде орын алған. Сағат 16:23-те тұрғын үйдегі лифт істемей қалып, алтыншы қабатта тоқтап қалған.

Тұрғындардың айтуынша, бұл бірінші рет болып тұрған оқиға емес. Лифт бұған дейін де істен шығып тұрды дейді олар. Алайда, лифтінің есігін иықпен қағып жібергенде, ол қайта жұмыс істеп кететін болған.

Бұл жолы да 59 жастағы азамат дәл сол әдіспен лифтке мінбек болып, қаза тапқан.

Жастықбаев Талғат бесінші қабатқа лифтіні шақыртып, оның есігін әдеттегідей қағып кірмек болады.

Алайда, бұл жолы үйреншікті тәсіл іске аспаған. Лифт есігі ашылған сәтте, оның ішіне кірген ер адам шахтаға құлап кеткен.

Анықталғандай, ер адам лифт шахтасында шамамен алты сағат бойы жатқан. Марқұмның туыстары оны тек түн жарымда сол жерден анықтады. Оған қоса, соғыс ардагері ішімдік ішіп алғаны да белгілі болды.

Үй тұрғындары қызып алған азаматтың ашылған есікке кіріп, лифтінің жоқ екенін аңғармай қалған болар деп болжады.

Қайтыс болған ер адамның көршілері лифтіге жауапты мекемеге осымен бірнеше мәрте арызданғанын айтты. Алайда, олардың тарапынан ешқандай өзгеріс, жөндеу жұмыстары болмаған.

"Өткен жылы жазда өрт те болған. Кеше авария болатын күні мен де лифтіге мінгенмін. Қысылып қалдым. Ұлым келіп, есікті күшпен ашып мені шығарып алды. Лифт ішіндегі жарық та өшіп қалған. Бірнеше рет шағымданғанбыз. Бірақ еш нәтиже жоқ. Лифтіні келіп істемейді. Мекеме оны жөндеген емес" , — дейді Гуласан Агагусейнова."Осы үйде он шақты ауған соғысының ардагері тұрады. Біз Ауғанстанда бірге соғысқан едік. Қайырымды адам болатын. Талғат 1979-1981 жылдары Кабул маңында, мен 1983-1986 жылдары Ауғанстанның Құндыз, Файзобат, Шерикарский саванда да соғыстым" , — деді Нұрсейіт Дәулетов

Сонымен қатар, орын алған оқиғаға қатысты "АлматыЛифт" ЖШС-і "ҚазАқпаратқа" пікір білдірген.

"Лифт алтыншы қабатта тұрып қалған. Істен шығып қалған. Апаттық жағдай жайлы ақпарат бізге келіп түсті. Біздің қызметкерлер барған сәтте, лифт әлі де алтыншы қабатта тұрған. Ал бесінші қабаттағы лифтінің есігі бұзылып тұрған күйде болды. Біздің механик бірінші қабатқа түсіп, лифт есігін ашқанда ер адамның өлі денесіне тап болған. Біз бейнебақылау камераларын қарап шықтық. Азамат лифтіге өзі кіріп, құлап кеткен ", — деді мекеме директорының бірінші орынбасары Максим Телецкий."Лифт алтыншы қабатқа келіп, есігі ашылған. Алайда, кедергілер салдарынан ол қайта жабылмай қойған. Лифттің жұмысы істен шығып, ол тоқтап қалды. Себебі, оны кіреберісіндегі кедергілерді алып тастамайынша лифт жүрмейді. Анықталғандай, онда тас тұрып қалған. Сол себепті, лифт де тоқтап қалды. Бұл сәтте, ер адам лифт шақыра бастаған. Азамат оның істен шығып қалғанын түсінбей, есікті ұрып бұзбақ болады. Нәтижесінде есікті ашып алып, ішіне кіріп кеткен" , — деді мекеме өкілдері.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.