Источник: nur.kz

Азамат Сатыбалды қазіргі таңда бірінен кейін бірі комедия түсіріп кеткен әріптестерін сынға алды. Танымал актер оларды фильмнің тәрбиелік мәнінен гөрі, кассалық табысы қызықтыратынын ашық айтты. Оған қоса, ол өзінің не себепті бұл жанрда кино түсірмейтінін де түсіндірді деп жазады "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Мен еліміздегі ақымақ продюсердердің бірі шығармын, мүмкін. Себебі, мен алдымен кассаны ойламаймын.

Мен миллион доллар таппасам да, миллион алғыс, миллион тағдырды өзгертіп, миллион адамның көңіліне ой салатын кино түсірсем — соның өзі маған көп сауап береді.

Сол үшін мен комедия емес, мәнді әрі мағыналы дүние түсіруге ұмтыламын" , — деді Азамат Сатыбалды.

Актер соңғы кездері жұлдыздардың көпшілігі жаппай комедия түсіріп, жеңіл ақша тапқысы келетінін алға тартты.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.