Источник: nur.kz

Әлеуметтік желіде болгар бұрышының ерекше көңіл-күйдегі суреттері таралып кетті. Білікті аспаз food_dealer өзінің парақшасында тәтті бұрыштардың түрлі фотоларын жариялаған деп жазады NUR.KZ.

Әртүрлі жеміс пен көкөністің де көңіл-күйі болатынын көрсеткісі келген аспаздың бұл фотолары желіде қызу талқыға түскен.

Желі қолданушылары бұрын-соңды тәтті бұрыштың ішкі бөлігіне мән бермегендерін айтты.

"Өте керемет", "Бұларда да сезім болады екен-ау", "Жарайсыз", "Бұл жайында ешқашан ойламағанмын" деп жазды желідегілер.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.