Источник: nur.kz

Дастан Оразбеков екінші ұлының тұсау кесу тойын дүркіретіп тойлады. Барша отандық шоу-бизнес қаймақтары жиылған қуанышта әнші басты мәртебені өнердегі әріптестеріне емес боксшы Серік Сәпиевке сеніп тапсырған. Танымал спортшы кішкентай Димерельдің тұсауын кесті деп жазады NUR.KZ.

Аталмыш той күні кеше Астана қаласындағы мейрамханаларының бірінде өткен. Дастан Оразбековтың қуанышына туған-туысы, достары мен шоу-бизнестегі әріптестері ортақтасқан.

Отандық жұлдыздар бірінен соң бірі Оразбековтер отбасының тойынан сурет пен бейнематериалдарды желіге жүктеген. Алайда, отандық жұлдыздарға лық толы тойда тұсау кесу рәсімі боксшы Серік Сәпиевке бұйырған.

Дастан Оразбеков ұлының танымал қазақ батыры іспетті чемпион болсын деп ниет білдірсе керек.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.