Источник: nur.kz

Ел арасында MAKVIN лақап атымен танылған Нұрболат Базарбаев күні кеше ғана әке атанды. Оның қалыңдығы Жәния сәбиімен түскен суретін желіге жүктеген деп жазады NUR.KZ.

Естеріңізде болса, елді дүрліктірген той былтыр жазда болған еді.

MAKVIN лақап атымен танылған Нұрболат Базарбаев тақырбас қалыңдыққа үйленіп, тойын дүркіретіп өткізген еді.

Күні кеше ғана ерлі-зайыптылар алғаш рет ата-ана атанған.

Әншінің жары Жәния желіге сәбиін құшақтап түскен суретін салып, көптің ыстық ықыласына бөленген. Онда ол:

"Бізге бір күн", — деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Желі қолданушылары "Сәбидің бауы берік болсын", "Қуаныштымыз", "Үлкен азамат болсын" деген тілектерін жаудырып жатыр.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.