Источник: nur.kz

Гиза қаласының соты тележүргізуші Мохаммед аль-Гейтиді интимдік қызметпен айналысатын ер адамнан сұқбат алғаны үшін бір жылға түрмеге қамады. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сұқбат 2018 жылдың тамыз айында мемлекеттік емес LTC TV арнасының Wake Up шоуы кезінде алынған.

LTC TV арнасының бұл эфирі елде үлкен шу тудырыпты. Бағдарлама шыққан соң мемлекеттік реттеуші орган "кәсіби заң бұзушылықтарды" алға тартып, арнаны екі аптаға жауып тастаған.

Сұқбат беруші жігіт Аль-Гейтиге жұмысының және жеке басының қиындықтары туралы баяндаған. Алайда ер адамның жүзі көрсетілмеген екен.

Айыптаушылар эфирде гомосексуалдықтың жақсы жақтары мен қаржылық тиімділігі дәріптелді деп мәлімдеп, дінге кір келтіргені үшін Мохаммед аль-Гейтиді түрмеге қамады.

Түрмеге қамалу мерзімі аяқталғаннан кейін ол бір жыл бойы полицейлердің бақылауында болмақ.

Сонымен қатар, тележүргізуші үш мың мысырлық фунт көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Тележүргізуші апеляциялық шағым түсіруге құқылы.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.