Источник: nur.kz

Сингапурде ер азамат ұялы телефонымен әйелдің етегінің астынан түсіріп, оны қараған сәті көліктің бейнетіркеуішіне түсіп қалған. Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға 22 қаңтар күні көлік тұрақта орын алған.

Stomp қызметкері Кеннет Тан болған жағдайды байқап қалыпты.

Ол көлігінде телефонмен сөйлесіп отырғанда, алдынан үш адам өтіпті. Содан, ер азаматтың бірі қысқа белдемше киген әйелдің етегінің астын ұялы телефонмен түсіріп, оны көрген сәтін аңғарған.

Видеодан ер адам тізесін бүгіп, әйелге сездірмей, ұялы телефонға ұқсас құралмен қыздың етегінің астынан түсіріп жатқанын байқауға болады. Келесі кадрдан да азғынның өз әрекетін жалғастырғаны көрінеді.

Куәгердің сөзінше, оқиға тез болғандықтан, өз көзімен көргеніне сенімді болмапты.

"Бейнетіркеуіште жазылған видеоны көргеннен кейін, менің күдігім сейілді", — деді ол.

Куәгер сол күні полицияға хабар берген.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.