Источник: nur.kz

Ғалымдар жүкті әйелдерге көп ұйқының зиян екенін айтты. Мичиган университетінің мамандары көп ұйықтаған әйелдің ішіндегі баласы өлі туылуы мүмкін екенін айтты деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үздіксіз тоғыз сағат немесе одан да көп тәуліктік ұйқы әсіресе жүктіліктің соңғы айларында зиянды.

Ғалымдар 28 аптасында түсік тастаған 150 әйелден сауалнама алған.

Түсік тастаған әйелдің 63 пайызы көп ұйықтағандарын айтқан.

Алайда мамандар жүктілікте сағат сайын ояна берудің де баланың жүрегіне зиян екенін ескертті.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.