Источник: nur.kz

Majorka.kaz парақшасында жартылай жалаңаштанып, клип түсірген жас қыздардың видеосы тарап кетті. Қолдарына ит ұстап, бодимен билеген төрт бойжеткенді желі қолданушылары аяусыз сынап тастаған деп жазады NUR.KZ.

Анықталғандай, видеодағы арулар отандық би Ұсабаевтың жаңадан құрған тобы болып шықты.

"D4" деп аталатын су жаңа топ жарыққа шықпай жатып, жұрттың қаһарына ұшырап үлгерген.

"Масқара", "Қазақ қыздарының болмысы осы болса", "Мыналарды қадағалайтын құзырлы орган жоқ па?", "Өзгдерін керемет сезініп тұр ғой", "Түрлері таза қазақ, істері шетелге еліктеген. Өздерінің кім боларын білмейтіндер ғой".

"Қазақ қыздарынан садаға кетсін", "Осы клиптері үшін шетінен соттаса ғой", "Ұят" деп жарыса жазды.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.