Источник: nur.kz

Отандық эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова жалғыз ұлы Қазбекке иманды жар іздейтінін айтты. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жанұясының көбейгенін қалаған Байырбекова ұлының бар жақсы қасиетін айтып, мақтанған.

"Қазбек жалғыз өскен жоқ. Әлі күнге дейін ұлым, күйеуім үшеуміз ғана тұрып көрген емеспіз. Жәкең екеуміз де көпбалалы отбасынан шыққан соң бауырларымыз, олардың бала-шағалары үйімізде тұрып келеді.Айтайын дегенім, Қазекем (әзірге) жалғыз перзент болса да ерке емес. Сабырлы, адал, ақылды. Мен бүгінде осы жігіттен үлгі аламын, арқа сүйеймін. Кейде маған қамқорлық көрсетіп жүргенде менің ағам, әкем сияқты, болып кетеді. "Өзің сияқты жаны таза, адал, кішіпейіл, иманды қыз табылса биыл үйленші. Көбейейік" — дегенмін. Жымиып қойып үндемей жүр. Соған қарағанда қызы жоқ-ау деймін. Жақсы, лайықты басы бос қыз болса парақшасын белгілеңіздерші", — деген әнші.

Оған қоса, әнші үйінде ұлынан басқа екі қайнысы бар екенін де алға тартқан.

Жұрт төрт сағат бұрын ғана жарияланған жазбаға 1000-нан аса пікір қалдырыпты.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.