Источник: nur.kz

Kaz_stars парақшасында жігітінің аяғына жалынып, көз жасына ерік берген бойжеткеннің видеосы пайда болды. Жас қыздың бұл әрекеті жұрттың ашуын келтірді деп жазады NUR.KZ.

Видеода бойжеткен: "Неліктен? Саған не жетпеді? Осыны өзің қаладың ғой. Енді неге ренжулісің? Мен сен үшін бәріне дайынмын. Осыны түсінесің бе? Барлығын кешіремін", — деп жылаған.

Ал желі қолданушылары бұл видеоның отандық шоу бағдарламалардың бірі екенін жарыса жазды.

"Масқара", "Несіне жалынасың сонша?", "Қыздардан намыс кеткен заман болды ғой", "Мына жігіт мыңқ етпейді ғой", "Қыз сонша ебіл-дебіл жылайды", "Мына жігіт сенің саусағыңа да татымайды" деп пікір білдірді желідегілер.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.