Источник: nur.kz

Жасы 50-ге тақаған жапониялық модель ерекше көркімен әлем назарына ілікті. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Риса Хираконың көркіне тәнті болғандар оның желі парақшасына жазылуда. Арудың бүгінде 220 мың жазылушысы бар.

47 жастағы модель өзінің жас көрінетінін мақтан тұтады. Ол өзінің жас көрінуін жас кезінде жасалған күтіммен түсіндірген. Мінсіз мүсінді ару бойжеткендерді сұлулық процедураларына ақша аянбауға шақырды.

Оған қоса, Риса Хирако жасандылықтың жақтасы болып шықты. Ол қазіргі таңда баттастырып боянып алуды әдет еткен қыздарды құптамайтынын айтты.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы оқырман қыздарына сұлулық тақырыбында өз келелі кеңестерімен бөлісуде.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.