Источник: nur.kz

Украиналық Санта Димопулос кезінде танымал топ "Виа Гра"-ның мүшесі болған. Алайда әншілік мансабын жүрегі қаламаған ару модельдік бизнеске бет бұрыпты деп жазады NUR.KZ.

"Виа Гра" құрамында аса таныла қоймаған Санта сән әлемінде өзіндік беделге ие.

Өзінің ерекше дене пішінімен ол бірқатар модельдік агенттіктердің көзіне түсіп, түрлі фотосессияларға шақыртулар алып жүр.

Украина мен Ресейдің сән саласын бағындырып үлгерген ару бүгінгі күні шетелдік басылымдармен жұмыс істеуде.

Санта өзінің мінсіз мүсінімен ерлер қауымын да естен тандырып жатыр.

Оның парақшасына тіркелген адамдардың саны 500 мыңнан асып кеткен.

Модельдің жеке табынушылары қатары да күннен күнге көбейіп келеді.

Ерлер оған ғашық болып жатса, әйелдер қауымы Сантаны үлгі тұтады.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.