Источник: nur.kz

Маржан Арапбаева қызы Сафияны қырқынан шығарды. Әншінің кенжесін қырқынан кіндік шешесі Тамара Асар шығарған деп жазады NUR.KZ.

Бұл жайында Тамара Асардың өзі Instagram парақшасында жазып, дәстүрді орындау сәтінен видео жүктеген.

"Сафия қызымның қырық қасық күміс суы. Қызымды шомылдырдым. Тырнағын алдым. Қоржынымды тараттым. Шашуымды шаштым. Өмірі той мен думан болсын!", — деп жазды Тамара Асар.

Айта кетейік, желтоқсан айының соңында Маржан Арапбаева үшінші сәбиін өмірге алып келген болатын.

Әнші үшінші қызына Сафия деп есім берді.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.