Источник: nur.kz

Нағыз ер-азамат туғаннан бастап өзінің жеңіске деген талпынысы мен қайсар мінезін көрсетеді Ал өз уақытынан ерте туған балақай алғашқы айлардан бастап ерексектердің тірлігімен айналысады екен. Әкесі де кішкентай бүлдіршіннің қылықтары мен әрекеттерін кадрға іліктіруден жалықпайтын көрінеді. Бұл туралы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Райан өз мерзімінен тоғыз апта ерте туған. Өмірге келгенде оның салмағы 1,36 келіні құрапты.

Жұбайлардың екі жасқа толған үлкен қызы бар. Әкесі кішкентай сұлуы дүниеге келгенде, қызықты суреттерден топтама жасаған екен. Ол енді бұл әрекетін өз ұлына да қайталамақ болыпты.

Балақайдың мерзімінен бұрын дүниеге келуі әкесіне кедергі келтіре қоймаған. Ол фотожобаларының негізін өзгертіп, ұлының ересектер әрекетін істеген сәттерін суретке түсіріпті.

Әр суретке балақайдың әкесі 15-20 минутын ғана жұмсаған. Уақыттың көп бөлігі кадрды дайындау мен реттеуге қажет болады екен.

Анасы да Райанның суретке жақсы түсуіне көмектеседі.

Шын мәнінде, Райан қолына кішкентай ғана заттар ұстап тұрады. Ал әкесі оны фото өңдейтін құралмен үлкейтіп отырады.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.