Источник: nur.kz

Бүгінде төсін үлкейткісі келетін арулардың қатары күн санап артуда. Алайда, 31 жастағы австралиялық азаматша Кейт Уотерс бойжеткендерді үлкен қателікке бой алдырмауға шақырады деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кезінде жасанды төсімен мақтанған ол кейіннен адам сенгісіз күй кешкен. Өмірі тозаққа айналған ару өз басынан өткенімен басқалармен бөлісуді жөн санайды.

24 жасында төсін үлкейткен Кейт бұл шешімі үшін өмірінің соңына дейін өкінетінін жеткізді. Анықталғандай, бес мың долларға кеудесін қажетті мөлшерге үлкейткен ару ұлын босанған соң үлкен қиындықтарға тап болған.

"Өзімді барлық жері ауыра беретін кемпірдей сезіндім. Сүйектерім қақсап, иығым, арқам мен мойным ауыра беретін. Оған қоса, өзімді тым әлсіз сезіндім. Бұл сырқаттың барлығы төс салдарынан екенін ұққан соң, ұлым үшін оларды алдыртып тастауға бекіндім" , — деді Кейт.

Ол ана мен баланың ерекше байланысына өзінің жасанды кеудесі кедергі болғанын қаламаған. Он ай бойы ұлын импланттармен емізген ару 2018 жылдың қазан айында омырауын кішірейту отасын жасатыпты.

12 мың доллар тұратын операция сәтті өтіп, ояна сала келіншек өзін еркін сезінгенін айтты.

"Мен ота салдарынан сүтімнен айырылып қалам деп қорыққан болатынмын. Алайда, керісінше сүт деген одан бетер көп бола бастады. Бұл мен және менің отбасым үшін аса маңызды әрі дұрыс шешім болды. Өзімді сондай жеңіл сезіндім, ауыртпалық жоқ" , — деді ол.

Кейт операциядан соң бір күннен кейін-ақ ұлын емізе берген. Ол бұрындары жасауға тыйым салынған дүниелермен айналысуға мүмкіндік туғанын айтты.

Бүгінде аяулы ана мен сүйікті жар өміріндегі ең бақытты шақтың басталғанын жеткізді.

Фото:Daily Mail

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.