Источник: nur.kz

Кез келген касса чегін алған кезде оны бірден қоқысқа тастау керек. Себебі, чекті шығару үшін қолданылатын қағазда адам денсаулығына өте қауіпті бисфенол А химикаты бар. Бұл туралы испаниялық Гранада университетінің ғалымдары мәлімдеді деп жазады news.day.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғалымдардың сөзінше, бұл химикат қатерлі ісіктің, белсіздік пен диабеттің пайда болу мүмкіндігін арттырады. Сондай-ақ, бұл қоспалар әйелдердің ерте босануына өз ықпалын тигізіп, балалардың аутизмге ұшырауына әсер етеді.

Мамандар бисфенол А химикаты пластмасса мен эпоксидті шайырдың негізгі құрамдас бөлігі екенін атап өткен.

Сондықтан, зерттеушілер касса чегін дүкенге тастап кетуді, оның үйге немесе көлікке алып кетпеуді ұсынып отыр. Оден бөлек, чекті қоқысқа тастайтын кезде оны умаждамау қажет екен.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.