Источник: nur.kz

Есімін жасырған NUR.KZ оқырманы танымал актер Нұрлан Әлімжанның шаңырақ көтергенін хабарлады.

Атын атамауды жөн санаған оқырманның айтуынша, актердің таңдауы 1997 жылғы Қазалының аруына түскен.

Еске сала кетейік, жеке өмірін құпия ұстайтын Нұрлан Әлімжан 2015 жылы Майя Бекбаеваның "Моя история" бағдарламасында бұрынғы жұбайымен жолы екіге айырлғанын айтқан еді.

Актердің бірінші әйелінен үш баласы бар. Балаларының анасына үлкен құрметпен қарайтынын айтқан актер тіпті, жеке өміріне қатысты ел арасында жүрген алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойған болатын.

Айта кетейік, танымал әртіс әрі әнші "Бақсы", "Ағайындылар", "Балалық шағымның аспаны", "Ағайындылар — 2", "Жаужүрек мың бала", "Теміртау", "Елбасы жолы", "Тығырықтан жол тапқан" фильмдерімен талайдың назарына іліккен.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.