Источник: nur.kz

Бағлан Әбдірайымов кезінде құмар ойындарының құрбаны болғанын жасырмай айтты. Әнші казинода ұтылып, шамамен 200 мың доллар қарызға кіріп кеткен. Бұл туралы ол "ТalkLike" бағдарламасына берген сұхбаты барысында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

"Жігіттер" квартетінің әншісі бұрындары ойынқұмар болғанын мойындап, талай қаражатынан айырылып қалғанын жайып салды.

"Маған қанағат ететін қаражат болмады. Тағы ұтқың келеді. Барам да, бес, он мың доллар жай ұтамын. Бірақ алдынғы ұтылғандарым көзімнің алдына тұрып алады. Ұтатын сияқтымын. Бір сәті түссе, қомақты қаражатты ставкіге тігіп жіберемін. Егер ол шығып кетсе, жанағы кеткен шығынның бәрін өтейді. Кетіп қалған шығынды қайтарып алу ғой менікі. Содан солай кетті ғой, 50 мың теңгеде кетті. Бас-аяғы әдемі қораға кірдім. 200 мыңның аясында қаржыдан айырылдым" , — деді Бағлан Әбдірайымов.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.