Источник: nur.kz

Роза Әлқожа өзінің екі баласымен времянкада тұрып, пешке от жаққан күндерін еске алды. Өзінің 15 жыл бұрынғы тұрмысы жайлы баяндаған әнші жұрттың көңілін түсірген деп жазады NUR.KZ.

Әнші сол уақытта екі айлық қызын үйге тастап, жұмысқа шығуға мәжбүр болған.

"2004 жылы времянкада тұрамыз. Екі баламыз бар. Көмір жағып, күл шығарамыз. Ешқандай жағдай жоқ. Трассаға дейін бір шақырым жол жүреміз. Өзім "Ақ жол Қазақстанның" журналисімін. Не үшін жаңа босанған екі айлық қызымды үйге тастап, қайта жұмысқа шықтым? Неге мен бір жарым жасар ұлыма тамақ жасап беріп, екі айлық бөпемді еміреніп, емізіп отырмадым? Кеше үйі өртеніп, бес сәбиінен айырылған Жанымкүлді ойлағанда жүрегім, үш күн белім ауырды. Өйткені бір кездері мені де үйде отырғызбаған үйсіздік, жағдайдың жоқтығы болатын. Егер сенің дайын үйің болса, күйеуіңнің айлығы бәріне жетіп тұрса, аяз бен ыстықта жұмысқа барып не керек", — деген әнші Астанадағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді."Баласын тастап жұмысқа кеткені үшін ананы кіналағаны ұнамады. "Ана баланы таңдамайды, бала ананы таңдайды" дегенмен келісемін. Балажан ананың құрсағынан кеткісі келмей қалған тамшы — тағдыр бізді көп балалы етті. Ал ана мен бала — мемлекетке қажет болуы тиіс. Отбасы екі-ақ адамның қиындығы емес. Болашақ керек болса, ел ағалары іске көшсін. Әр қазақ патриот болмай, іс алға жүрмес", — деп әнші Instagram парақшасындағы жазбасын аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Әлқожаның әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.