Источник: nur.kz

"Ливерпуль" футбол клубының жұлдызы Мохамед Салах имиджін өзгертіп, көпшілікті таңғалдырды. Сақалын қырып тастаған мысырлық футболшыны көпшілік танымай қалған деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Танымал шабуылшы жаңа образдағы суретін өзінің Instagram парақшасына жүктеп қойған. Салахтың сақалын қырып тастағанына жанкүйерлері мен қоса, әріптестері де қатты таңғалған.

"Ливерпульдің" қорғаушысы Деян Ловрен мысырлық жұлдыздың имиджіндегі өзгерісіне қатысты пікір білдірген.

"Енді сенің 26 жаста екеніне сенемін" , — деп жазды ол.

Оған қоса, Альберто Морено да "Сен шынымен Салахсың ба?" деп жазып, өз таңданысын жасыра алмады.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.