Источник: nur.kz

Тойдың тортын бір-біріне жағып ойнаған қонақтар елдің ашуына тиді. Kazak.toy парақшасында жарияланған видео желідегілердің қызу талқысына түскен деп жазады NUR.KZ.

Видеодан мейрамхананың ортасында отырған жасы үлкен кісілер бір-біріне ішімдік ішкізе алмай әуреге түскенін көруге болады.

Осы сәтте қонақтардың бірі салмағы бірнеше келі болатын тойдың тәттісін ер адамның үстіне аударып жібереді.

Сәлден соң үсті-басы тортқа былғанған ер адамға өзге қонақтар торт лақтыра бастаған.

Мұны көрген желі қолданушылары ашуға бой алдырды.

"Масқара", "Нанмен ойнағандары несі? Қарап отырсаң, барлығы ересек адамдар", "Мыналары ұят екен", "Қазақ болмағанына шүкір", "Өздерінің салты шығар".

"Обал-ай! Нанды сонша қорлағандары несі?" деп желі қолданушылары видеодағы қонақтарды жерден алып, жерге салған.

Айта кетейік, видеоның қай елде түсірілгені белгісіз.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.