Источник: nur.kz

"Қалаулым" бағдарламасына өзбақытын іздеп келген Жанна Дауешова сынның астында қалды. Әйелдің билеп тұрған видеосы kalaulym_ok парақшасына салынып, көпшіліктің қызу талқысына түскен деп жазады NUR.KZ.

Түркістан облысынан келген 45 жастағы әйелдің үш баласы бар. Ал жұбайы қайтыс болып кеткен.

Өзіне адал жар, балаларына қамқор әке болатын ер азаматты іздеген әйелдің биін желідегілер ұнатпаған.

"Жас кезің еске түсіп кетті ме?", "Қылығы ерсілеу екен", "Кеше ғана эфирде жылап отыр еді ғой", "Мынаның балаларын ойлайтыны өтірік-ау", "Құтырайын депті".

"Ересек балалары бар. Ұялса қайтеді екен?", "Дені дұрыс әйел деп ойлаған едім" деп желі қолданушылары жарысап пікір білдірген.

Ескерту!
ERNUR.KZ порталында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпараттық порталдың меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде негізгі мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде ERNUR.KZ сайтына гиперсілтеме көрсету талап етіледі.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.