Источник: nur.kz

Жақсылық Шералиев 2017 жылы бүкіл отбасынан айырылған. Қазір ол ата-әжесінің қолында тұрады. Қайғылы оқиғадан кейін баланың өмірі қаншалықты өзгергенін turmush сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ баяндайды.

2017 жылы 16 қаңтарда Жақсылық ата-анасы мен екі қарындасынан айырылды. Ол кезде балақай небәрі жеті жаста болған.

Гонконгтан Стамбулға ұшып бара жатқан Боинг-747 ұшағы Сокулук ауданының саяжайларына құлап, жолаушылар қаза тапқан.

Қазір балақай ата-әжесінің тәрбиесінде.

Атасының сөзінше, жеткіншек әлі қалпына келмеген, кейде айтқан сөзін ұмытып қалады екен.

Сондай-ақ, ата-анасы жиі еске алып отыратын көрінеді. Сол кезде ата-әжесі тақырып ауыстыруға тырысамыз дейді.

Қазір бала ақылы мектепте екінші сыныпта оқиды.

"Ол жатақханада тұрады. Демалыс күндері алып кетеміз. Жылына 40 пайыз жеңілдікпен 1240 доллар төлейміз. Немерем жақсы білім алғанын қалаймын. Ол 1000 сом жәрдемақы алады", — деді Шералы Сатыбалдиев.

Жақсылық сабағын жақсы оқиды. Бірақ терезенің алдында тұрып, алысқа қарап, ойланатын әдеті бар екен.

Бірақ екі жыл бұрынғы хәлімен салыстырғанда, қазір баланың жағдайы тәуір.

Психологтардың айтуынша, уақыт өте ол қалпына келеді екен.

"Демалыста қасымызға келгенде оны жалғыз қалдырмай, көңілін аулауға тырысамыз", — деді Жақсылықтың атасы.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.