Источник: nur.kz

Өткен жылы Қытайда 15,23 млн адам дүниеге келіп, 9,93 млн адам көз жұмған. Халық саны 0,38 пайызға артып, 1.395 млрд адамнан асып кеткен. Ал тұрғындардың өсу қарқыны 3, 81 пайызды құрапты деп хабарлайды Fishki сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл мәліметті ҚХР Мемлекеттік статистикалық басқармасы ұсынған.

Қазіргі уақытта елде әйелдерге қарағанда ер-азаматтардың саны көп. 2019 жылдың басында 681,6 млн әйел мен 713,5 млн ер азамат тіркеліпті.

Бұл айырмашылықтың көп болғаны сонша, тіпті, елде жанұя мен бала саны, шетелден әйел алу туралы мәселе көп көтеріледі.

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться для отправки комментария.